Электрондық өтінішті SAKURA АЖ порталы арқылы беруге болады
Өтінішті баланың ата-аналары не заңды өкілдері ғана бере алады
Бес жұмыс күні ішінде өтініш берілген мектеп тіркеуден өткізеді
Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жеке жолығу керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған портал арқылы берілген өтініш қағаз түрінде берілген өтінішпен бірдей
Баланың заңды өкілі – бұл ата-ана, немесе баланың мүдделерін білдіруге ресми (яғни, құжат түрінде) уәкіл етілген тұлға (асырап алушылар, қамқоршылар, қорғаншылар)
Баланың азаматтығы және оның туған жері маңызды емес. Кез келген бала білім беру ұйымына жазылуы мүмкін. Егер заңды өкілінің ЖСН болса, барлық балалар үшін рәсімдер бірдей
Мектеп күнтізбелік 10 күн ішінде баланы мектепке қабылдайды, ата-анасы баласы қабылдану үшін құжаттардың түпнұсқаларымен келуге тиіс
10 (11) сыныпқа құжаттарды және оқуға қабылдау негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат табысталған соң 01.07.2026 – 31.08.2026 аралығында жүзеге асырылады
Қаланың білім бөліміне не поштаға хат жазу, не телефонмен қоңырау соғу, не бөлім басшысының орынбасарына қабылдауға жазылу
Қаланың/ауданның білім бөліміне
Ата-ана жүйеде баланың мектептен шығарылғанын растау үшін мектепке келуге және қажетті мектепке оқуға қабылдау туралы өтінішті беруге тиіс.
Электрондық өтінішті беру кезінде көрсетілген мобильді телефон нөміріне SMS хабарлама түседі немесе сіз мәртебесін жеке кабинет арқылы тексере аласыз
Бұл құжаттың түрі негізгі жалпы білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған 9 (10) сыныптың түлектеріне беріледі. Қосымшасымен бірге бұл құжаттың түрін мектептен алуға болады
Бос орындар болса, бала кез келген мектепке қабылдануы мүмкін
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқу үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымына құжаттарды тапсыру және оқуға қабылдау
Мемлекеттік қызмет бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі
Жеке тұлғалар (баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері)
Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолығу керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған порталдың көмегімен берілген өтініш қағаз түрінде берілген өтінішпен бірдей.
Портал арқылы жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне құжаттарды қабылдау және ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта білім беру ұйымына оқуға қабылдау туралы хабарлама келеді, ал құжаттар толық емес тапсырылған жағдайда – бас тарту себептерін көрсете отырып дәлелді бас тарту туралы.
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - бір жұмыс күні
Тегін
Көрсетілетін қызмет көптеген нормативтік құжаттармен реттеледі, олар https://adilet.zan.kz сайтында қолжетімді
Осы интернет-портал арқылы электрондық өтініш беру үшін:
Өтініш беру үшін заңды өкіл бірнеше қадамнан өтуге және мынадай ақпаратты ұсынуға тиіс: